Хаменованың ісі қайта қаралды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс Облыстық соттың апелляциялық алқасында қайта қаралды. Экс-шенеунік Хаменовамен бірге тергелген басқарма басшысы Рысқалиев пен серіктестік директоры Адамовқа қатысты сот үкімі өзгерді. Оларға тағайындалған жаза жеңілдетілді. Былтыр қараша айында бірі 7 жылға, екіншісі 4 жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жаңа үкімге сәйкес, Рысқалиев 2 жыл, Адамов 1 жыл 6 ай аралығында жасазын өтейді. Ал жеті жылға бас бостандығынан айырылған Бақытгүл Хаменованың жазасы сол күйінде қалды.