Хабар телеарнасы

Академик Әбдімәлік Нысанбаев өмірден озды

Елімізге белгілі ғалым, академик Әбдімәлік Нысанбаев 86 жасқа қараған шағында өмірден озды. Әбдімәлік Нысанбаев 1937 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Философия ғылымдарының докторы 570-тен астам ғылым еңбектің авторы. Бірқатар жұмысы шет тілдерінде де жарық көрген. Нысанбаев ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстан мен Түркияның Мемлекеттік сыйлығын алған. Сондай-ақ «Отан» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. Ол елімізде ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғалымдарды дайындады.