Алматы облысындағы оншақты үйдің ауласын су басты
Соңғы төрт тәулікте күн күрт жылынып, қар ери бастаған. Қарғын су ауыл сыртындағы үш арнаға сыймай тасып, жаңадан салынған жеке үй секторларына жайылды. Кейбір көшелерде арық атымен жоқ. Тасқынға тосқын қою үшін жасанды канал қазылды. Су сору жұмыстарына Ұзынығаштағы әскери бөлімінің сарбаздары мен оншақты техника тартылған. Құм салынған қаптардан бөгет жасалды. Қазір қауіптің беті сейілді, зардап шеккендер жоқ.