Хабар телеарнасы

Ақтөбедегі травматология бөліміне үш тәулікте 200-ден астам адам түскен

Оның 74-і мұзға тайып, аяқ-қолын сындырған. Дәрігерлер айтуынша, күн райының жылуымен, жарақат алғандар саны күрт өскен. Қала тазалығына жауапты мекемелер тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. 170-ке жуық адам көшелердегі мұзды ойып, құм сеуіп жүр. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандардың маңы тазартылады. 

Әнуар Жаңбыров, ТҮКШ бөлімінің басшысы:
-Наурыз айында да дәл бүгінгідей ауа-райы сақталады деген болжам бар. Сондықтан екі ауысыммен жұмыс істеуге көшеміз. Жұмысшылары аз мердігер мекемелерге өзге компаниялардан қосымша мамандар тартылады.