Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
18-27 жас аралығындағы 18 мың азамат Қарулы Күштер қатарына алынбақ. Ал жалпы жыл соңына дейін 36 мың болашақ сарбаздарды шақыру көзделіп отыр. Бұған дейін азамат тұрғылықты жерін ауыстырғанда, бұрынғы әскери басқару органынан шығып, жаңа жергілікті есепке тіркеліп жүрген. Енді деректер онлайн ауысады. Әскер қатарына қабылданғандар, 13 ай банкке берешегін төлеуден босатылмақ. Ата-аналар, ұлының тәртібі мен әскери қызметінің бағаларын жаңадан ашылған қосымшадан бақылай алады. Жүзден жүйрік болған 3 мыңынан білім гранты беріледі. Үміткер көп, іріктеу қатал болмақ.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Әскерге шақырылушыларға тіркеу туралы куәліктер және әскери қызмет өткермеген адамдарға әскери билеттер беруді жою. Осыған байланысты қызмет өткерудің тартымдылық арттыру аясында билет тек қана әскери қызмет өткергендерге ғана берілетін болады.