Оралда «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылды
«Қайырымдылық керуені» акциясын Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері ұйымдастырған. Әлеуметтік жағдайы төмен 100-ден астам отбасына азық-түлік таратып берді. Мейірім марафонын меценаттар қаржыландырған. Аймақта 80-нен астам ұлт өкілі тұрады. Ассамблея жанынан 16 этномәдени бірлестік құрылған.
Медхат Қамбетов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:
- Орал қаласының мүмкіндігі шектеулі жандары аз қамтылған отбасыларға, сонымен қоса Дариян ауылы, Теректі ауданында жалғасын табатын болады. Сауда орталықтарына этномәдени бірлестік өкілдері бауырсақ таратуға бара жатыр.