Республикалық бюджет кірісі артады
Биылға арналған бюджет кірістері 14,6 триллион теңге болмақ. Қаржы вице-министрінің мәліметінше, қосымша Ұлттық қордан 800 миллиард теңге трансферт тартылады. Осылайша, республикалық бюджеттің өз кірістері артып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 45% өскен. Кіріс сомасы әлеуметтік маңызы бар жобалар мен инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Мәселен, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық жерлерде жаппай жұмыспен қамтуға 233 миллиард теңге бөлінеді.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы вице-министрі:
-Бюджет шығыстары 1,5 трлн теңгеге артып, 20,2 трлн теңгені құрайды деп болжанып отыр. Өңірлерді нығайтуға және инфрақұрылымды дамытуға 240 млрд теңге жұмсалатын болады. Энергетика секторына 144 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр.