Биыл елімізде мақта алқабы азаяды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, оңтүстікте оны егу шамамен 15 мың гектарға кемиді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% аз. Вице-министр Әбілхайыр Тамабек, бұған былтыр «ақ алтынның» төмен бағалануы сеп болғанын айтады. Мәселен, күзде жиналған 330 мың тоннадан астам өнімді сату қиынға соққан. «Тіпті әлі күнге дейін өткізе алмай отырғандар бар», — дейді ол. Ал мақта зауыттары диқандарға 560 млн теңге берешек. Сондықтан шаруалардың біразы биыл мақта егуден бас тартыпты. Бірақ оның орны басқа дақылмен алмастырылады.
Әбілхайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
-Қазіргі таңда Түркістан облысында мынау мақта алқаптарының белгілі бір бөлігін жүгері алқаптарына ауыстыру туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жерге потенциалды инвесторлар тартылды. Қазіргі таңда крахмало-паточный завод дейді, сондай зауыт орналастыру. 25-30 мың гектар алқапты сол жүгері алқаптарына ауыстырсақ деген ниет бар.