Хабар телеарнасы

Оралдың іргесіндегі «Ягодка» саяжайы тасқын өтінде қалды

Деркөл өзенінің су деңгейі көтеріліп, арнасынан асып кеткен. Бау-бақша серіктестігінде 50 шақты отбасы қысы-жазы тұрады. Тасқын кезінде 20 үйге су кірген. Тұрғындар қаладағы туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Зардап шеккендер жоқ. Қала маңындағы өзендерге 11 гидробекет қойылған. Қазір саяжай аумағы бақылауға алынды. Судың деңгейі сағат сайын өлшенеді.

Нұралы Мүсиев, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:
-Саяжай алқаптарында мониторингтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тасқала ауданынан басталатын Деркөл өзені түсіп бастады. Соңғы тәулікте 10 см-ге түсті. Шаған өзенінде су деңгейі кішігірім көтеріліп келе жатыр.