БҚО-да трансшекаралық өзендерден келер қауіп сейілер емес
Шаған өзенінің су деңгейі шегіне жетті. «Көп ұзамай Жайық өзені де арнасына толып, бұрынғы жайылмаларына құйылуы мүмкін»,-дейді мамандар. Егер мұндай жағдай болса бірінші кезекте облыс орталығындағы саяжайларға қауіп төнбек. Ал Бөрлі, Бәйтерек, Қазталов аудандары мен Орал қаласында әлі алаңдатарлық жағдай. Бір тәулік ішінде онда инертті материал салынған 5 мыңнан астам қап төселіп, 75 мың текше метр су сорылды. Эвакуацияланған 275 адам өз үйлеріне оралды. Ал Сырым, Қаратөбе, Тасқала аудандарында қауіп сейіле бастады.
Рауан Хусайынов, «Қазсушар» РМК БҚО филиалының директоры:
- Жайық өзені бойынша бүгінгі күнге Орал қаласының гидробекетінде судың деңгейі 435 см құрайды. Приволжский гидрометцентрдің хабарлауы бойынша, Жайық өзенінің Орал қаласындағы деңгейі 700-800 см аралығында өсуі күтілуде. Саяжайларға және сағасына шығатын деңгейдің мөлшері 650 см сұрайды.