23 наурыз қасиетті Рамазан айы басталады
Осы тұста айта кетер бір жаңалық, енді еліміздегі мешіттерде көне түркі тілінде жазылған бабаларымыздың діни еңбектерінен де дәрістер өткізіледі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Бас мүфти Президент тапсырмасына сәйкес, дәстүрлі Исламды дәріптеу бағытында бірқатар жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Мәселен, жақында «Бабалар ізімен» және «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектебі» атты жаңа еңбектер әзірленген. Ал медреселерде оқитын шәкірттерге келешекте «Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері оқытылмақ.