Елімізде 2 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 438 қылмыстық іс тіркелген
Finprom сарапшыларының мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш 8,5% өскен. Қос бірдей қала - Астана мен Алматыда 51 заң бұзушылық болған. Бұл тізімді Қостанай, Шымкент, Ақтөбе жалғайды. Ең төменгі көрсеткіштер Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарында. Қылмыстық құқық бұзушылықтың 37% пара алуға қатысты.
Бас Прокуратураның мәліметінше, соңғы үш жылда қылмыс жасады деген 3 мыңнан астам күдікті іздестірілуде. Бүгінге дейін 500-і ұсталды. Олардың ішінде, 4 күдіктіге - адам өлтірген, ал 2-еуіне - қаржы пирамидаларын ұйымдастырып, басқарған деген айып тағылып отыр. 2,5 мыңға жуық адам әлі іздеуде. Күдіктілердің 400-іне алаяқтық, ал 250-іне ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. Ал 600 азамат шекара асып, Өзбекстан, Қырғыстан, Ресей, Украина, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерін паналап жүр. Тіпті құрлық асып АҚШ-қа да барған. Қалған азаматтарды құрықтау үшін шет елдердің құқық қорғау органдарымен күш біріктіріліп жатыр.