Таразда басталған жол жөндеу жұмыстары ілгерілемей-ақ қойды
Шаһар тұрғындары асфальты сүрілген шұрық-тесік жолды тездетіп жөндеп беруді талап етіп отыр. Ал мердігер компания болса, техника мен қызметкерлер санының аздығын алға тартуда. Қазір қала маңында орналасқан 12 асфальт зауытының тек біреуі жұмыс істеп тұр. Әкімдік мұны жол жөндеу жұмыстарының ерте басталуымен байланыстырады. Жалпы Тараз көшелерін жөндеуге биыл бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 118 көшеге асфальт төселіп, 3 даңғыл қайта жаңғыртылады.
Нұрсұлтан Егембердиев, қала тұрғыны:
-Жаңбыр жауғанда шұңқырлардың барлығы суға толып қалады да. Көліктің өтуі қиын болып жатыр. Шишка шығып дөңгелектеріміз жарылып жатыр. Соны ертерек қамданып соны ертерек жауып берсе.
Дамир Айманов, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Инстаграм желісіне қайта-қайта шыққан көшелерді бірінші кезекте жасап жатырмыз. Өйткені қыста аяз қатты болды. Содан асфальт шашылып кетті ескі асфальт болғандықтан. Фриза тоқтағанымен ручной отбойный молток дейді сомен жұмысты жалғастыра берді.