МАГАТЭ Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымына баға береді
Әлем бойынша 30 мемлекет Атом Электр Стансасын қолданады. Одан бөлек тағы 30 ел қуатты энергия көзін қабылдау ниетте. Олардың арасында Қазақстан да бар. Қазіргі таңда елдегі жоба пысықталу үстінде. Заңнамалық актілерді дайындау, кадрлық даярлық және станцияның орнын анықтау секілді жұмыстар жүріп жатыр. Ал бұл істер әлемдік нормаға сәйкес келе ме? Осыны анықтау мақсатында Магатэ халықаралық ұйымының сарапшылары елге келді. Агенттік 2016 жылы 20-дан астам нұсқаулық та ұсынған еді. Енді соның нәтижесі бақыланады. Сарапшылар үш күндік іс-сапардың қорытынды бағасы бірнеше айлық зерттеу жұмыстарынан кейін берілетінін айтады.
Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Халықаралық агенттік тыйым сала алмайды. Атом электр станциясын сал, салма деп айта алмайды. Ұсыныс бердік Балқаш көлінің жағасында салу жағынан. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардан рұқсатын күтіп отырмыз. Қалай шешімдер қабылданады, солай келесі кезеңге өтеді.