Жамбыл облысында тас жолдың күтіміне жауапты мамандар жұмысқа шығудан бас тартты
Айтуларынша, айлық ақысы төмен. Әрі жауапты компания бір жыл бойы жалақыны кешіктіріп береді. Оның үстіне, зейнетақы қоры мен медициналық сақтандыруға қаржы аудармайтын көрінеді. Мезі болған 30-ға жуық қызметкер қажетті құрылғылардың да жоқтығын айтты. «Ал «ҚазАвтоЖол» мекемесі бұл мердігер компанияның мәселесі», — деп сұхбат беруден бас тартты. «Жауапты серіктестік басшылығы мәселе көп ұзамай шешіледі»,— деп отыр.
Қайрат Байназаров, жұмысшы:
-Бір жылдың ішінде ешқандай медсақтандыру, зейнетақы төленбей жатыр. Төледік деп бізді алдап қойып, аурухана қарамай жатыр және айлықты уақытылы бір жыл бойы уақытылы берген жоқ.
Мақсат Құрмантай, жол күтіміне жауапты компания директорының орынбасары:
-Бұдан кейін де біз жұмысшылардың арасында бұндай болмас үшін, алдын-ала жұмысты есептеп уақытында береміз. Жалақы көтеру бойынша біз 4-5 наурызда официально хат жүзінде «ҚазАвтоЖолға» жолдаған болатынбыз. Ол жерде жұмысшылардың айлығын 30% көтеру жайында сұрағанбыз. Енді ол официально жауап берсе, уақыттың еншісінде, егер көтеруге мүмкіншілік болса біз көтереміз.