Мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгертулер 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді
Толықтырулар жас мамандардан басталды. Диплом алған, білім рейтингі жоғары мамандар ауылдық және аудандық әкімшілікке тәжірибесіз де жұмысқа қабылданады. Мемлекеттік мекемелердегі қызметкер қашықтықтан жұмыс істеп, жұмыс кестесін өздері ұсынуға мүмкіндігі бар. Маман басқа өңірге ауыстырылса, уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі. Басшылық лауазымына көтерілуі үшін бұрынғадай 5 жылға жуық мемлекеттік қызметкер болу міндеттелмейді.
Дархан Жазықбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- 20 наурыздағы қол қойылған заңға сәйкес келісімшартпен қызметшілерді аламыз. Келісімшарттық қызмет деген ұғымды заңға кіргіздік. Жақсы оқыған қызметші магистранттар мен докторанттарды біз ұсынамыз. Мына бала жақсы оқыды деп, жоғары лауазымға тағайындауға болады.