БҚО-да кене қаптап кетті
Батыс Қазақстан облысында кене қаптап, мал баққан ағайын әбігерге түсіп жатыр. Аймақтың оңтүстік-батысындағы Казталов, Жәнібек, Жаңақала және Бөкей Ордасы аудандарында төрт түліктің үстін қансорғыш жәндік жайлаған. Шаруалар түрлі дәрі-дәрмек шашып улағанымен, мал жайылымнан тағы жұқтырып қайтады. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда төрт түліктен бөлек, киіктердің де кенеден зардап шегіп жатқанын байқауға болады. Жергілікті жұртшылық далада зиянкестердің мұншалықты көбейіп кетуін дәл сол ақбөкендерден көріп отыр. Бюджет қаржысы тек жеке тұрғындардың малын емдеуге жұмсалады.
Серік Нұрмағанбетов, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:
-Соңғы 2-3 жылда кененің көбеюіне байланысты облыстық бюджеттен ақша бөлініп келеді. Мысалы, былтырғы жылы 130 мың ірі қараны дәрілеген болсақ, биыл бөлінген қаражат пайдаланылатын дәрі-дәрмектің қымбатсуына байланысты 100 мыңның үстіндегі малды екі қайтара жасауға жеткілікті.