Нотариустардың қызметі онлайн форматқа ауысады
Ол үшін арнайы пилоттық жоба іске қосылды. Қызмет eGov Mobilе қосымшасы арқылы бейнебайланыспен жүргізіледі. Сол арқылы сенімхатты рәсімдеуге, оны куәландыруға мүмкіндік болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында цифрлы қолтаңба қойылып, клиенттің биометриялық деректері пайдаланылады. Ал төлем банк қосымшаларымен жасалады. Мамандар: «Цифрлы сенімхат қағаз нұсқасына тең және барлық мекемеге жарамды»,– дейді. Айта кетейік, Қазақстан – нотариаттық қызметті цифрлық форматқа ауыстырған әлемдегі үшінші мемлекет.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Нотариустар жұмыссыз қалады деген жалған сөз. eGov Mobile тек қана қарым-қатынасты жеңілдетеді. Яғни нотариалдық кеңсеге бармай, үйде отырып немесе шетелде отырып, өздерінің құқықтық ресми қызметтерін қолдана алады.