Хабар телеарнасы

Алматы облысы ПД-нің экс-басшысы Күдебаевтың сыбайластары анықталып жатыр

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ісін тергеуге Қырғыз елінің құзырлы органдары да көмек көрсетеді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді. Бүгінде Күдебаев Түркияға қашты деген де хабар тарады. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, олар Анадолы еліне де тиісті сауал жолдаған.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурордың орынбасары: 
- Біз өзіміз мүдделіміз осы қылмыстық істің аясында біз әрине басқа да осындай топ мүшелері бар жоғын, олардың арасында қарым-қатынастың барлығын, мұның барлығын қазір үлкен жұмыс жасап жатырмыз. Бірақ әрине, оның барлығын қазір ашық жария ретінде айтуға болмайды. Себебі ол енді жедел іздестіру амалдары ғой. Оларды тек сіздер емес, оларды мүмкін сондай іс-әрекетті жасап жатқан адамдарда қазір естуі мүмкін.