Хабар телеарнасы

Мешіттерде айт намазы оқылды

Еліміздің барлық мешіттерінде таңертең айт намазы оқылды. Елордамызда да құлшылық үйлерінің барлығы келушілерге лық толды. Жамағаттың көптігі соншалық біразы сыртта тұрып, ғибадат жасады. Дін қызметкерлерінің айтуынша, Айт мейрамында ағайын-туыстың амандығын біліп, жақыныңды қуантуға асыққан абзал. Көптеген мешіттердің жанында ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, қайырымдылық шаралары өткізілді.