5 млн теңге гранты: кәсіпкер неге наразы?
5 млн теңге. Елімізде жыл сайын кәсіпкерлерге өз ісін ілгерілету үшін осындай грант беріледі. Бұған қатысты елорда да шу шықты. Бір топ кәсіпкер байқаудың өткізілу тәртібін өзгертуді талап етуде. Айтуларынша өтінішті қарастыратын комиссия құрамы жылдар бойы өзгермеген. Өздерінің грантқа ілікпей қалуы сондықтан болуы мүмкін. Әйтпесе барлық талапты орындадық дейді.
Шағын кәсіп иесі үшін 5 млн теңгеге дейінгі грант қомақты қолдау. Оның үстіне бұл қаржат қайтарымсыз. Міне соған үміт артқан Станислав Бублинский жыл сайын осы байқауға өтініш береді. Бірақ жолы болмай қойыпты. Өзінің пайымынша оның бағын байлап отырған өтінішті қарайтын комиссия мен әкімдікте отырған осы іске жауапты мамандар.
Станислав Полубинский, кәсіпкер:
-2019 жылдан бері комиссия құрамы өзгерген жоқ. Байқаудың басқада талаптары толық орындалмайды. Кейде ережені өзгертіп тастайды. Осыны айтып сотқа шағымданғанбыз. Сот біздің пайдамызға шешім шығарды. Бірақ оның орындалуына қатысты жауаптыны табу мүмкін емес. Алдағы уақытта осы жылғы грантты бөлу бойынша байқау өтуі тиіс. Тым болмағанда осы жолы бұрынғы олқылықтарды түзетсе екен дейміз. Өткен жылғы байқаудың нәтижесімен 13 кәсіпкер келіспеген болатын.
Мән-жайды білу үшін инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына хабарластық. Ондағы мамандардың айтуынша грант ниет танытқанның бәріне үлестірілетін дүние емес. 5 млн теңгеден алу үшін былтыр 2000 кәсіпкерден өтініш түсіпті. Бәсеке жоғары. Бәрінің бірдей өтпейтіндігі сондықтан. Тек 130 адам жеңімпаз атанған. Олар қандай бағытта жұмыс жасайды?
Қуаныш Сапаров, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
-Оның ішінде әлеуметтік орталықтар, медициналық орталықтар, жеңіл өнеркәсіп басқалары болып табылады. Конкурстық комиссияда бізде депутат маслихаттан, кәсіпкерлерді қолдау орталығы, басқада қоғамдық мекемелерден мүшелер қатысады.
Комиссия құрамы осы жолы 50% жаңартылатын болыпты. Биылғы байқау тамыз айында өткізіледі. Ол мақсатқа 500 млн теге бөлінеде деп күтілуде. Бұл шамамен 100 астам кәсіпкерге беріледі.
Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Аян Сәрсенбаев