Ақтауда электр желісі жөнделіп жатыр
Ақтауды тіршілік нәрі, жылу және қуат көзімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындағы екі бірдей энергоблоктан ақау шықты. Соның салдарынан электр қуатын өндіру көлемі 555 мегаваттан 264 мегаваттқа дейін төмендеген. Бүгінде 4 кен орнына тоқ шектеулі мөлшерде беріліп жатыр. Ал облыс орталығын энергиямен қамту бойынша мәселе туындаған жоқ. Қазір бірнеше бригада энергоблоктардағы станцияларды қалпына келтіруде. Жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.