Ұлытау облысында ветеринар тапшы
Өңірде төрт түлікте кездесетін түрлі ауруларды анықтайтын бірде-бір зертхана жоқ. Бұрыңғысы 3 жыл бұрын жабылып қалған. Салдарынан қорадағы малы ауырған шаруалар қан талдамасын Қарағанды мен Астанаға тасып жүр.
Абзалбек Молақовтың Жезқазғаннан 100 шақырым қашықта ірі шаруа қожалығы бар. Өткен жылы ірі-қара арасында ауру тарап ондаған бас малынан айырылған. Сиырдан алынған сынамасын Қарағанды, Астанаға жібергендіктен қортындысы келгенше 1 айға жуық уақыт өткен.
Абзалбек Молақов, шаруа:
- 3 күннің ішінде диагноз қоюдың орнына біз 1 ай жүреміз. 1 айдың ішінде аурулар бір-біріне жұғып, малдың өлімі көбейеді. Ертең бір қатты ауру келіп қалса, малдың бәрі қырылады да қалады.
Бұрыңғы ветеринарлық зертхана орналасқан ғимараттың бір бөлігі жекенің меншігіне өтіп, жаңа қожайын мейрамхана ашқан. Қауіпсіздікті желеу еткен санитарлық қызмет мейрамхананы жаппай, керісінше зертхана жұмысына тыйым салған.
Серікбек Көпбаев, ветеринар:
- Мынаны жауап тастап еді, ветеринар мамандардың бәрі кетіп қалды. Қазір олардың бәрі жоқ. Көбісі шахтаға ауысып кетті. Қалғаны басқа жұмысқа ауысып кетті.
2013 жылы өңірде жаңа зертхана ғимаратының құрылысы басталған болатын. Бөлінген қаржыны толығымен алған мердігер жұмысты жартылай аяқтап, тастап кеткен. Облыс құрылған күннен бастап бұл мәселе қайта көтерілді.
Әбусағит Әбдікер, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
- Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімінің орынбасарының қолымен ұсыныс хат жолдадық, облысқа лабораторияның қажеттігі жөнінде. Жер бөлу мәселесі, тағы басқа да сұрақтарды бірлесе атқаруға дайынбыз.
Бұған қоса, Ұлытау ауданының бірнеше ауылында ветеринар маман жоқ. Ал бірқатар елді мекенде бұл міндетті зейнет жасындағы азаматтар атқарып отыр.
Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев, Гүлшаһира Серекбаева