Ұлы Отан соғысына қатысқан Орал тұрғыны Иван Гапич 100-ге толды
Ол 17 жасында қолына қару алып, қан майданға аттанған. Кескілескен талай шайқасқа қатысып, ерлік көрсетті. Калининградқа дейін жетіп, жеңісті сол жерде қарсы алған. Соғыстан кейінгі жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарды. Ғасыр жасаған ардагер тың. Тіпті қаладағы қоғамдық шараларға қатысып тұрады. Жақында естелік кітабы жарық көрді. Наурызда өңірге жасаған сапарында Мемлекет басшысы соғыс ардагерінің үйіне барып, ғасыр жасаған майдангерді мерейтойымен құттықтады.
Иван Гапич, Ұлы Отан соғысының ардагері:
-Зейнетке шыққан соң қол қусырып отыра алмадым. Жастармен белсенді жұмыс жүргіздім. Оралда мен бармаған мектеп жоқ шығар. Балаларға бәрі қызық, ерекше ынтымен сұрастырып, бәрін білгісі келеді.
Мереке күндері «Хабар» арнасы Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапич туралы фильмді көрермен назарына ұсынады.