Хабар телеарнасы

Қостанайлық оқушылар егіс алқаптарын тыңайтқыштармен өңдеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Мобильді механизм адамның көмегінсіз дәнді дақылдарды бүркеп, оның түсімін ұлғайтады. «Ақылды» құрылғының қоршаған ортаға зияны жоқ. Электр қуатымен интернет арқылы басқарылады. Әрі жанар-жағармайды үнемдейді. Жас өнертапқыштар құрылғыны одан әрі жетілдіріп, тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр.

Сергей Трефилов, физика-математика лицейінің оқушысы:
-Біздің есептеуімізше, 40 гектар жерді өңдеу үшін, 12-13 мың теңгеге дизель отынын алу қажет. Ал біздің құрылғымен осы көлемді өңдеуге бар-жоғы 77 теңге жұмсалады. Яғни үнем 180 еседен асады. Қазір нарықта бәсекеге қабілетті болатын дайын механизмді жасап жатырмыз. Оның сыйымдылығы — 3-4 тонна.