Атырауда журналистің көлігін белгісіз біреу өртеп жіберді
Атырауда журналист, «ҚазАқпарат» Агенттігінің осы өңірдегі меншікті тілшісі Виктор Сутягиннің автокөлігін белгісіз біреулер өртеп жіберді. Оқиға кеше, түнгі сағат 2.45 шамасында болған. Көшедегі бейнебақылау камерасынан бір адамның үйдің алдында тұрған автокөлікке таяп, еңкейгені, сонан соң жойқын жарылыс болғаны анық көрініп тұр. Абырой болғанда көлік иесі де, туыстары да аман. Ал автокөліктің тамтығы қалмай өртеніп кетті. Виктор Сутягин соңғы жылдары облыстың әлеуметтік ахуалы, Атырау экологиясы туралы батыл жазып жүрген тілшілердің бірі. Сондықтан ол өзіне жасалған қастандық мамандығыммен байланысты ма деп күдіктенеді.
Виктор Сутягин, журналист:
- Мен көлігімді күндізгі сағат 17:00 шамасында әдеттегіше үйімнің алдына қойдым. Түнгі сағат 12.00-де көршіммен әңігемлесіп тұрдым, бірақ ешқандай күдікті жәйтті байқамадым. Өзім осы қалада туып өстім, барлығын танимын. Өңірдің өзекті проблемаларына араласып келемін. Ол менің азаматтық борышым. Бірақ маған қастық жасады деп ешкімді атай алмаймын.
Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Болған автокөлік өртіне қатысты қазіргі таңда ҚК 202-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. Сондай-ақ жақын маңдағы бейнебақылау камералары арқылы қандай да бір күдік туғызатын деректерге байланысты зерделеу жұмыстары жүргізілуде.