Жезқазғанда күн электр станциясының құрылысы аяқталды
Қуаты 1,2 мегаВатт. Толықтай инвестициялық қаржыға салынған нысан осы айдың аяғында іске қосылады. Бір жарым гектар аумақты алып жатқан электр панельдері жылына 2 млн килоВатт энергия өндіруге қауқарлы. Дегенмен бұл облыс орталығындағы электр сұранысының небәрі 10% қамтуға жетеді. Сондықтан жергілікті билік энергияның баламалы көздерін одан әрі дамыту үшін тағы бірнеше жобаны қолға алды.
Алмас Жандарбеков, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
-Сәтбаев-Жезқазған қаласы арасында үлкен жел электр станциясын салу жобасы бар. Ол станция 100 мегаВаттық болады. Болашақта 200 мегаВаттқа дейін объемы көтеріледі. Ол станцияда құрылыс кезінде 250 жұмыс орны ашылмақшы.