Шекарашылардың мінез-құлқына қатысты норма енгізілуі мүмкін
Бұл әсіресе бақылау пунктіндегі қызметкерлерге қатысты. Мәжілісте соны қамтитын заң жобасы қарастырылды. Мәселе мынада, тексеруден өту кезінде азаматтар шекара қызметінің өкілдерімен жиі жанжалдасады. Депутаттардың пайымынша, оның себебі әскерилердің адамдармен қарапайым қарым-қатынас жасауы заң жүзінде реттелмеген. Енді шекарашының мінез-құлық стандарты жасалады. Құжатта олардың адамарға құрметпен қарап, ізеттілік көрсетуі сынды мәдени нормалар қамтылады. Мәжілісте сондай-ақ күштік құрылым өкілдерінің құмар ойынға әуестеніп кеткендігі және жағдайды бақылауға алу қажеттігі сөз болды.
Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ол әсіресе онлайн ойындар. Ставка жасайды, жеңіледі. Ақшасын жоғалтады. Одан кейін кредит алады. Одан кейін тағы да ақша салады. Бұл құмар ойындар әсіресе шекаршылар үшін өте қауіпті. Шекарашы деген құмар ойынды ойламауы керек. Ол шекараны қорғауы керек.