Ақмола облысында Мағрифа Мырзағұлқызын еске алу кеші өтті
Білікті дәрігер белгісіз себептермен 1938 жылы «Алжир» лагеріне тұтқынға алынады. Ұлын мектеп-интернатына, жасқа толмаған қызын балалар үйіне алып кеткен. Мағрифа Қазбекова 10 жылдан кейін Карлагта тұтқындалушы емес, тұтқындарға арналған ауруханаға меңгеруші қызметін атқарады. Кейіннен Балқашта жұқпалы аурулар бөлімшесін басқарып, Қарағанды облыстық кеңесінің депутаты болады. 1955 жылы толық ақталған. Көзі тірісінде «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Еңбек Қызыл Ту ордені», «Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген дәрігері» атағына ие болған.
Зәуре Оспанова, М.Қазбекованың немересі:
- Тұтқындалғаннан кейін 20 жылдың ішінде «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атанды. Оның сырын білу үшін ұзақ іздендік. Мағрифа Қазбекова өз ісіне мықты маман болған. Соғыс уақытында таптырмас кадр болып, жараланған әскери адамдар мен тұтқындарды емдеген. Ұзақ жылдардан кейін тек қызымен, яғни біздің анамызбен қауышады.
Джон Ямада, Жапонияның Қазақстандағы Елшісі:
- Әйелдердің ауыр тағдырын естігенде көзге еріксіз жас келеді. Тәуелсіз елдің тұрғындары мұндай музейлерде жиі болып, түрлі оқиғаларды білуі керек. Алжирде тек бір ғана жапон әйелі отырған. Ал басқа лагерлердегі әйелдер саны көп.