1 шілде мазмұны жаңартылған әлеуметтік кодекс күшіне енеді
Енгізілген өзгерістер мен ережелердің орындалуы Сенатта талқыланды. Жиынға жас сарапшылар клубының мүшелері де қатысты. Кодекс жобасын дайындауға екі жылдай уақыт кетті. Депутаттар тарапынан 500-ге жуық түзету енгізіліпті. Жан-жақты талданып, әбден сүзгіден өткен. Айта кетейік, елімізде республикалық бюджеттің жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады. Енді осы жұмысты үйлестіруде жаңа кодекс негізге алынады.