Елімізде тегін заң көмегі күшеймек
Бұл жайлы көп айтыла бермейді, бірақ елімізде тегін көмек көрсететін адвокаттар бар. Халыққа 6 мыңға жуық адвокат және 13 мың заң кеңесшісі кеңес беріп отыр екен. Ол үшін арнайы «Е-заң көмегі» деген ақпараттық жүйе құрылыпты. Өткен жылы 170 мыңға жуық азамат өз мәселесіне қатысты жауап ала алған. Кімдер заңды білетін мамандарға ақысыз жүгіне алады? «Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, бірінші және екінші санаттағы мүгедектер және зейнеткерлерге кеңес тегін»,- дейді Әділет министрі.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Е-заң көмегі бізде, заң бойынша көзделген тегін көмекті нақты түрде нысандандыру түрде берілу керек. Ол құжатпен, фото, видеомен растау керек. Осы кісі кеңес беруші немесе адвокат нақты түрде қызмет көрсету керек. Оны дәлелдеу керек. Соған сәйкес оған мемлекеттен ақша төленеді. Атқарған қызметі үшін.