Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды
Бізге белгілісі келер жылы Ұлттық қор инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балаларға теңдей бөліп бере бастайды. Бірден айтайық, бас салып бас басына үлестірілмейді. Бұл қаражат кәмелет жасқа толғанша шоттарында жинала береді. Кейін олар қаржыны пәтер алуға, білімге иә кәсіп ашуға жұмсай алады. Бүгін мәжіліс депутаттары осыны заңмен бекітетін норманы қарауға алды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де өзінің Телеграм парақшасында жазыпты.
«Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді. Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды».
Ерлан ҚАРИН
ҚР Мемлекеттiк кеңесшісі