Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға өзгеріс енгізілмек
Бұл іске асса, бас прокуратура құрылымында жеке ведомство құрылады. Олар мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау әрі басқару мәселелерімен айналысады. Арнайы мемлекеттік қор да ашылмақ. Қайтарылған активтер халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады деген жоспар бар.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі:
- Бұл қорда жеке шот болуы мүмкін немесе жеке кәсіпорын болуы мүмкін. Қайтарылуы тиіс мүлікті басқару керек, оны қандай да бір есепшотқа аудару қажет. Бұл жұмыстарды атқаруға белгілі бір құрылым керек. Бұл құрылым ауқымды болмайды, оның құрамында шамамен 10 адам болуы мүмкін. Бұл мәселе алдағы уақытта Парламентте жан-жақты қаралады. Құжат енді ғана Мәжілістің қарауына еніп отыр.