Қарағанды облысында шомылу маусымына дайындықты бастап кетті
Қарағанды облысының сүңгуір-құтқарушылары көл табанын тазартып, шомылу маусымына дайындықты бастап кетті.
«Қазір өңірде суға түсуге рұқсат етілген 76 және тыйым салынған 240 жағажай бар. Күн жылынып, су қызған соң, демалушылардың саны көбейеді», - дейді мамандар. Сүңгуірлер су түбінен шыны шөлмектер, темірбетон сынықтарын, ағаш, ау, тас, басқа да қоқыстарды алып шықты.
Владимир Гаврильков, Қарағанды облыстық сүңгуір-құтқарушы бөлімінің басшысы:
- Сынған шыны шөлмектер көл табанында көп кездеседі. Бұл өте қауіпті. Суға жүзгенде өткір жүзі қол-аяғыңды жарақаттауы мүмкін. Сондықтан біз түгел тазартамыз. Тұрғындардың алаңсыз демалуына жағдай жасаймыз.