Оралда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Қалалы жердің шешілмей тұрған мәселесі көп. Мысалы, Оралда кешелі бері қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Тұрмыстық қатты қалдықтар төгілген алаң қаладан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан. Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өртті сөндіруге жеке кәсіпорын ұжымын қоса алғанда 66 адам мен 50 техника жұмылдырылған. Жел батысқа қарай соғып тұрғандықтан әзірге қаланы түтін басқан жоқ. Үйілген қоқыс астындағы биогаз қызыл жалынды ауыздықтауға кедергі келтіруде. Өрт сөндірушілер алаңға құм-топырақ төгуге көшкен.
Нұрсұлтан Серіков, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
- Барлық қоқыстар – бірнеше жылдар бойы жиналған қоқыс. Сондықтан оны өшіру тек қана топырақ себумен өшіріледі. Экскаватормен топырақтар қазылып, бортты камаздармен топырақ тасылуда.