Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар қандай?
Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл деуші едік бұрын. Ал қазір елдегі 129 мамандық жойылу алдында тұр. Сарапшлырадың пікірінше олардың орнын жаңа технологиялар басып жатыр. Десе де елде жаңа мамандықтар да пайда болған. Биыл жоғары оқу орындарына 160 мыңнан аса студент қабылдануы мүмкін екенін ескерсек, ендігі жас қай саланы меңгергені дұрыс?
Қазіргі таңда елде тіркелген 423 мамандықтың түрі бар. Олардың 200-ге жуығы — жаңа кәсіптер. Алайда сарапшылар 129 салаға сұраныс азайғанын айтып отыр. Мәселен слесарь, дәнекерлеуші секілді мамандардың қызметін енді робототехникалар жасайды. Алда кеңес беруші заңгерлерге де сұраныс болмауы мүмкін.
Нұрбек Сапарқожаев, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары:
-Кезінде экономика, құқық мамандықтары жоғары сұранысқа ие еді. Соңғы кезде көптеген оқуға түсетін талапкелердің сұранысы бойынша ол педагогикалық мамандықтар. Техниклаық мамандықтар атап айтқанда IT мамандықтары. Инженерлік мамандықтар.
Алайда депутат Ерболат Саурықов грант бөлуді қайта қарау керек екенін айтады. Өйткені көпшілігі қабілетіне қарай емес гранттарға қарай мамандық таңдайды. Алда бұл жұмыссыздардың санын арттыруы мүмкін.
Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Жастарымыз едауір бөлігі мамандықтың емес, гранттың артында жүр. Көбіне ақылы негізде оқитындардың 70-80% өз мамандықтарында оқиды. Техникалық аграрлық инженерлік осы бағыттарға берілетін гранттар үлкен мегаполис қалаларға емес, облыстардағы білім беру ошақтарына орналастыру қажет.
Депутаттың айтуынша түрлі себеппен шетелде білім алғысы келетіндердің де саны артқан. Ғылым және білім министрлігінің ақпаратына сай жастардың басым бөлігі АҚШ, Англия, Канада және Түркия мемлекеттерін таңдайды екен. Олардың арасында биылғы түлек Бекзат Мұса да бар.
Бекзат Мұса, мектеп түлегі:
-Шет елге тапсырам деп ойладым. Турцияға. Мамандығым хирургқа. 128 балл керек оған. Соны алуға үміттенемін.
Мәселен Түркиядағы қазақстандық білім беру бағытындағы компанияның өзі былтыр 500 ден аса жасты оқуға түсірген. Олардың айтуынша студенттердің мұндай таңдауына шетелдегі оқу ақысының төмендігі де себеп.
Аян Ермекұлы, компания директоры:
-Қазақстандағы топ университеттердің жылына 1 млн үстінде қаражат беріп оқитын болсаңыз, Түркияда бар болғаны 150 мыңнан басталады. Арадағы айырмашылықты өзіңіз есептеп көріңіз. Шетелде білім алуды қолдаймыз. Бастысы — түбінде елге барып қызмет ету.
Десе де тиісті министрлік қазіргі таңда азаматтардың елде, өздері қалаған мамандықта білім алулары үшін арнайы пилоттық жоба әзірлеп жатыр. Яғни енді гранттар әр өңірдегі жастардың қабілетіне қарай бөлінеді.
Самғат Ермекбаев, «Мамандығым болашағым» жобасының жетекшісі:
- 7-11 сынып аралықта балаларды профдиагностикадан өткізіп қандай дағдылары бар соны бірінші қараймыз. Пайда болған жаңа мамандықтарға сол азаматтарды оқуға түсіруге тырысамыз. Биылдан бастап гранттар сол өңірлерге целенаправленно бөлінеді.
Осылай азаматтардың мамандық таңдау құқығын кеңейтеміз деген жауаптылар биылғы түлектерге ақпарат ретінде ең қажетті 10 мамандықты тізіп берді. Бірінші орында IT бағыты тұр. Сату және маркетинг, логистика саласы да сұранысқа ие. Веб әзірлеуші, қаржы менеджері тіпті елге енді еніп келе жатқан мобилография да қазір дамып келе жатыр. бұдан бөлек киберқауіпсіздік инженерлері де қажетті.
Иә, «қашанда екі қолға бір күрек табылады» деп жатамыз. Бірақ өзіңнің жақсы көріп істейтін мамандығың болса, жұмыс та өнеді, табыс та артады емес пе?! Мектеп бітіруші жастар мамандық таңдаудан адаспау керек екенін ескеріп, дұрыс бағытқа бет алса игі.
Авторы: Нұрдан Әбідкәрім