Фейк: әлеуметтік желіде Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы тарады
Қазір желіде жалған ақпарат та тарап жатыр. Фейк мәліметті таратушылар мына бейнежазба Абай облысындағы Бородулиха ауданында түсірілген деген. Алайда бұл — өткен айда Ресейде болған өрт. Ресейлік ақпарат құралдарының дерегінше, бейнежазбада Омбы-Түмен жолындағы орман өрті бейнеленген. Тағы бір мәліметте жалын, Шүлбі су электр станциясына жақындап қалды делінген. Абай облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды. Жергілікті билік жалған ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырып отыр. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға ірі көлемде айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.