Хабар телеарнасы

Абай облысындағы өрттен елді мекендерге төнген қауіп толық жойылды. LIVE

Бұл туралы Бородулиха аудан орталығында өткен брифинг барысында жедел штаб өкілдері мәлімдеді. Дегенмен құтқарушылар әрбір ауыл маңындағы соңғы шоқ сөнгенше талмай еңбек етуде. Дәл қазір Поднебесная ауылында өрт сөндірушілер қызу жұмысқа кіріскен. Тілшіміз Эльмира Ахметова Орман өртіне қатысты соңғы мәліметтермен бөліспек. Эльмира соңғы ақпараттармен бөліссеңіз, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ дейді, қаншалықты рас? 

Эльмира Ахметова, тілші:
-Рахмет, Айбек. Иә ауыл аймақ қызыл жалын тырнағынан аман қалды. Бұл тек орманшылар мен құтқарушылардың жанкешті еңбегінің арқасы деуге болады. Олар бірнеше кварталға бөлініп, үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеді. Оны көзіміз көрді.

Мәселен, 11 кварталда қызмет еткен құтқарушылар нағыз тілсіз жаумен бетпе-бет келді деуге болады. Өйкені мұндағы Поднебесное ауылы дәп орман іргесінде тұр. Сондықтан ауылға от кіріп кетпеу үшін жанталасты мамандар. Себебі егер Поднебесно елді мекеніне жалын жетсе, оның бергі жағы осы біз тұрған аудан орталығына жайылуы да мүмкін еді. Бұл жерді 20-дан астам техника мен 60-қа жуық жеке құрам өрттен қорғады. Біз сол ауылдағы дәл қазіргі жағдай туралы сұхбат жазған едік. Соған кезек берейік.

Қайырбек Тұрсынбаев, қалалық Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі бастығының орынбасары:
-Қазіргі уақытта өрттің алды тежелді. Қазіргі салдарымен күресіп жатырмыз ғой, қазіргі таңда сол өрттің кромкаларын өшіріп жатырмыз. Әрине ары қарай қайта жанып, тұтанып, жоғары қауіпті өртке ұласып кетуі мүмкін. Сол себепті барлық кромканы әрбір ағаштың түбін бәрін өшіруге тура келеді.

-Эльмира, елді мекендерге төнген қауіп сейілсе, тұрғындар үйлеріне қайтып жатқан шығар?

-Иә, дұрыс айтасыз. Абай облысы әкімдігіннің хабарлауынша, Успенка, Барышовка, Поднебесное ауылына адамдар қайта алады. Қайтып жатқандар да бар. Бұл үш ауылда жалпы 300- ден астам адам тұрады.