Абай облысы ауасы ең лас өңірлердің бірі ретінде тіркелді
Абай облысы 500 микрограмм көрсеткішімен ауасы ең лас өңірлердің бірі ретінде тіркелді. Бұған елді мекендерді шарпыған қызыл жалын себеп болған. Қазгидромет мамандары Семей орманындағы өрттің тез тарауын екпінді желмен байланыстырады. 9 маусымда өрт қатты шарпыған кезде, жел батыстан шығысқа қарай соққан. Nasa картасы бойынша көміртегі оксидінің жоғарғы концентрациясы да дәл осы күні анықталыпты. Бүгінде аспанның бұлтты болуына байланысты өрт түтіні көрінбейді. «Алайда түтін оңтүстікке қарай орналасқан елді мекендер мен Талдықорған қаласына жетті»,-дейді мамандар.
Гүлбаршын Бекбенбетова, «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг департаменті басқармасының басшысы:
- 11 маусымда кешкі 10 кейін қою түтіннің орын алуы – орман алқабына жақын маңда орналасқан Абай облысының Бұлақ ауылымен, Озерск ауылдарының тұрғындарын эвакуациялауға себеп болды. Осыған байланысты экологиялық топ өрт шыққан аймақтардағы ауа сапасын анықтау жұмысын жалғастыруда.