Абай облысындағы орман өртіне байланысты 2 қылмыстық іс қозғалды
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осылай деп мәлімдеді. Іс шеңберінде өз қызметіне салғырт қарап, ауыр зардапқа жол берген барлық лауазым иелері жауапқа тартылады. Бұл мақсатта бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова және Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев тергеледі.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурордың орынбасары:
-Тек қана прокуратураның емес, барлық құқық қорғау органдарының, Сыбайлас жемқорлық болсын, Ішкі істер органдары болсын, Қауіпсіздік комитеті, барлық құқық қорғау органдарының ең мықты-мықты деген тергеушілері мен жедел уәкілдері тартылды. Бас прокурордың өзінің жеке бақылауында. Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Сол себепті бұл қылмыстық істі әділ тергеледі және барлық кінәсі бар лауазым иелері жауапкершілікке тартылатынына сенімдімін.