Елден 1,3 млрд доллар жымқырылған
Мың асқанға - бір тосқан. Өзбекстанда экс-шенеуніктердің заңсыз жолмен тапқан қаржысы қазынаға қайтарылып жатыр. Әділет министрлігі бұл шаруаға білікті заңгерлерді тартып, Швейцария, Франция, Ресей және Латвияда тиісті сот процестерін бастады. Рейдерлік әрекет жасағандар да жазаға тартылды. Қылмыстық топ ұрлаған ең ауқымды активтер Швейцарияда шоғырланған. Қаржыны қайтару үшін көршіміз Еуропа мемлекетімен тиісті келісімге келді. Әрі арнайы сенім қорын құрып, аударылған ақшаға 1400-ден аса мектеп салатынын растады. Өзбекстан үкіметі экс-шенеуніктер жымқырған ақшаның әзірге тек 20 млн доллары қайтқанын айтып отыр. Ал оның қайда жұмсалғаны жария етілмеді. Кезекте Ұлыбритания, Латвия және Ресейдегі жылжымайтын мүліктерді сатып, түскен ақшаны ел бюджетіне аудару міндеті тұр.
Валерий Бирюков, сарапшы:
- Бұл мәселе тұтас Орталық Азияға тән. Барлық елде осыған ұқсас проблема. Шетелге жылыстатылған қаржыны қайтару жолында күш біріктіру керек деп ойлаймын. Біздің білуімізше, шетелден әлі 1 млрд доллардан аса қаражат қайтуы тиіс.