Хабар телеарнасы

Астанада алғаш рет «Толағай» алыптар сайысы өтті

Батырлар турниріне еліміздің бірнеше аймағынан 15 спортшы қатысты. Олар гір көтеру, салмағы 140 келілік тасты межелі қашықтыққа дейін апару, 100 келіден асатын ауыр бөренені желкеге салып отырып-тұру, жарты тонналық арбаны сүйреу, найза лақтыру секілді ерекше сайыс түрлері бойынша сынға түсті. Ал оза шапқан қатысушы жарыстың бас жүлдесі 1 млн теңгеге ие болады. Шара бұқаралық спортты дамыту әрі ұлттық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Былтыр Жетісу жерінде өткен дода, енді жыл сайын болады.

Еркеғали Қарбозов, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
-Бұған жасы 18-ге толған салмағы 90 келіден асатын, өзі сондай біртуар, өз күшіне сенген жігіттер келіп қатыса алады. Мұндағы мақсат – бұрынғы ата жолымызды жалғастырып, бұрын мысалы, түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырғанда күшті жігіттер өзара осындай сайыстар ұйымдастыру дәстүрі болған.