Қостанай облысының алқаптарына шегірткеден төнген қауіп сейіле бастады
Екі-үш күн бұрын Қостанай және Қамысты ауданында 16 мың гектар жайылымдық жерді шегіртке басқан еді. Дереу жүргізілген химиялық өңдеудің арқасында зиянкестердің дені жойылды. Жағдайды ауыл шаруашылығы министрлігі жіті бақылауда ұстап отыр. Жалпы облыс бойынша 472 мың гектар жерде химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған. Соның басым бөлігі еңсерілді.
Дархан Әбдікәрімов, облыстық Аумақтық инспекциясының басшысы:
-Қамысты ауданында жүргізіліп жатқанда біз техниканы дайындап қойдық. Анау көрші жерден кіріп жатқан шегірткені бүгін 2,5 мың гектарды улап өлтірді. Одан әрі кірген жоқ. Енді күннің қалай ысып тұрғанын білесіздер. Шегіртке ыстықты жақсы көреді. Әрі қарай ұшу бола ма деп, біз сол жерде екі газогенератор, бір дельтаплан, бір самолет ұстап отырмыз.