Хабар телеарнасы

Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Жиында сауда қатынастарын нығайту, Одақтың транзиттік-көліктік әлеуетін күшейту, өнеркәсіп кооперациясын дамыту, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері қаралды. Үкімет басшысы өз сөзінде ұйымның көлік-логистикалық негізі мен байланысын нығайтуға әрі дамытуға ерекше назар аударды. Одақтың инфрақұрылымдық басым жобаларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ міндеттердің қатарында бизнесті қолдау құралдары бойынша жұмысты күшейту керегін айтты.