Алматыда 2 есірткі зертханасы мен үлкен қойма жойылды
Есірткі жасау кезінде 4 азамат ұсталды. Тарқатсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12, 14 шілдеде іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде 10 келіден астам синтетикалық «мефедрон» есірткісін, 5 тоннаға жуық прекурсорлар және 4-5 есірткі зертханасының қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы құрал-жабдықтарды тәркіледі. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, жыл басынан бері 24 есірткі зертханасы, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арнасы жойылып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.