БҚО-да үш мектепті жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр
Білім басқармасының мәліметінше, бюджет есебінен мердігер ұйымдарға тиісті қаражат бөлінген, бірақ компаниялар міндетін орындамаған. Салғырттық салдарынан енді 500-ден астам бала жаңа оқу жылын өзге ғимараттарда қарсы алуға мәжбүр. Атап айтқанда, қаладағы №8 мектептің оқушылары эстетикалық бағыттағы гимназияның ескі ғимаратына, ал Базартөбе мен Раздольное ауылдарындағы балалар әкімдік пен мәдениет үйлерінде оқиды. Облыста былтырдан бастап 19 білім беру нысанын жөндеуге 4,5 млрд теңге бөлінген.
Клара Меңдіғалиева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Соның 13-і аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Қалған 6 мектептің үшеуі жаңа оқу жылына дейін бітуі жоспарда. Қалған үшеуінің жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін бітеді деп ойдамыз. Келісімшартты бұзу туралы үш объекті бойынша уведомление жіберілді подрячиктерге. Келісімшарт бұзылған жағдайда тапсырыс берушілермен жаңадан конкурс жарияланады жұмыстардың аяқталуына.