Екібастұзда автогаз құю бекетінен өрт шықты
Екібастұзда автогаз құю бекеті өртеніп, бір адам көз жұмды. Қонаев көшесінде орналасқан бекетте газ сақталған 4 резервуар, 40 газ баллоны болуы мүмкін деп болжануда. Оқыс оқиға жайында ақпарат кезекші пультке түскі сағат 13-тер шамасында түскен. Қызыл жалын жақын маңдағы азық –түлік дүкеніне ауысыпты. Шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ жақын орналасқан су мұнарасының төбесі жанып кетті. Ал сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас жігіттің мәйіті табылды. Оның нақты кім екені анықталып жатыр. Екі сағат ішінде өрт толық сөндірілді.
Оразбек Уәлиханов, облыстық ТЖД өрт бақылау департаменті басқармасының басшысы:
- Осы өрт сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда анықталуда кім екені. Болжам бойынша бұл оператор, осы автогаз құю станциясының. Өрт орнында Павлодар облысы департаментінің 31 қызметкері мен 11 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда залалы мен шығыны анықталуда.