Қарағандыда жаңбыр салдарынан келген шығын көлемі есептеліп жатыр
Мамандардың сөзінше, небәры 45 минутта екі айлық нормадан астам жауын жауған. Салдарынан қаланың бірнеше ауданындағы үйлердің жертөлесі суға толып, 1 мыңға жуық абонент жарықсыз қалған. Жаңбырдан кейінгі бүлінген нысандарды жөндеу жұмыстарына 9 бригада жұмылдырылған. Дүлей дауыл 4 мектеп-интернаттың 500 шаршы метр шатырын ұшырып әкеткен. Өңірде әлі бірнеше күн жауын-шашын болады, бірақ ең қиыны артта қалды дейді синоптиктер. Шығындарды есептеу үшін комиссия құрылған.
Рүстем Қожағапанов, қала әкімінің орынбасары:
- Қазір комиссия жұмысын атқаруда, бірінші себептерін анықтап, келесі апта бойы кәріз жүйесін тексереміз, жаңа болсын, ескі үй бойынша содан соң комиссия өз шешімін берген соң біз шешім қабылдаймыз. Кеше бізге жалпы 21 шағым түсті, оның бәрімен жұмыс жасаймыз.