Қазақстандық операторлардың тарифтік құны өседі
«Егер баға көтерілмесе, жылдамдық пен сапа нашарлайды»,- дейді жауаптылар. Соңғы 2 жылда интернет тарифі 161% өскеніне қарамастан, пайдаланушылар саны 108% артқан. Қымбаттаған тариф бағасына сапасы сай келмесе, операторлар айыппұл арқалайды. Мәселен, тамыздағы жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде операторлар мемлекетке 804 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Сергей Коньков, ЖШС бас директоры:
- Базадағы тарифтерге қарай баға да өзгеріп тұрады. Дәл қазір қай тарифтің монетизациядан өткенін айта алмаймын. Сондықтан базаның бір бөлігі бойынша баға көтеріледі.
Евгений Настрадин, мобильдік байланыс компаниясының қазақстандағы бас директоры:
- Біз құны нарықтық бағадан 20-40% төмен тарифтік жоспарларды ғана қарастырамыз. Егер трафикті тұтынудың артуы аясында бағаны сол күйінде қалдырсақ, онда ешқандай даму туралы сөз болмайтыны анық.