2024 жылдан бастап көлік нөмірін онлайн беруге болады
2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алады. Ол туралы Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді.
Бұған дейінгі практикада автомашинаны сатып алушы онлайн транзакция жасау, жаңа нөмір алу үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығына» келуге тиіс болатын. Бағдат Мусин бұл қажеттіліктің жойылатынын атап өтті. Сондай-ақ сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасау мәселесі қолға алынған екен. Автокөлік иелері үшін тағы бір жаңалық: азамат тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда мемлекеттік тіркеу белгісін қайта тіркеуге қою талабы алынып тасталмақ.